18 марта 2025


«DANA BALA» ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ӨНЕРТАБЫС ТАБЫСТАЛДЫ

«Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына баланс-жаттығу тақтасы сыйға тартылды. Жақсартылған құрылғы балалар мен ересектердің бұлшықеттерін, координациясын және тепе-теңдігін дамыту және жаттықтыру үшін қолданылады. Оны тірек-қимыл аппаратын нығайту және сенсорлық интеграцияны ынталандыру үшін де пайдалануға болады. Жиынтықтың құрамында әртүрлі жаттығуларға арнлаған ауыспалы тіректер, күрделілігі әртүрлі лабиринттер, сенсорлық кинезиологиялық сөмкелер және цилиндрлік ролик бар.

Алынбалы элементтердің арқасында бір баланс тақтасында 100-ден астам жаттығу түрі бар. Домалау подшипниктерін бекіту механизмі жеңілдетілген. Массаждық жабындысы бар сырғанамайтын ішкі табандармен қамтамасыз етілген.

Бірінші сыныпқа дайындық бағдарламасына қатысатын балалар тренажердің мүмкіндіктерін байқап көрді. Әзірлемелерді дайындаған Д.Ерболатұлына және Д.Әскержановқа «Dana Bala» жетекшісі А.К.Алипова алғыс білдірді.