19 марта 2025


«НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасында профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Шара барысында профессорлық-оқытушылар құрамы қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетін көрсететін бейнежазба ұсынды. Наурыз мейрамының мәні, тарихы терең талқыланды.

Спикерлердің сөзінше, бұл бес мың жыл бұрын пайда болған ежелгі мейрамдардың бірі. Наурыз – жаңарудың, жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктердің символы. Оны Еуропа мен Азияда миллиондаған адамдар тойлайды.