19 марта 2025


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Жаңару күні аясында университет музейі мен бизнес және құқық Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» атты ғылыми-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында туризмнің маңыздылығы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризм және мәдени мұра туралы жолдаулары, киелі орындарды сақтау мен зерттеудің өзектілігі талқыланды. Сонымен қатар, студенттер Шығыс Қазақстанның киелі жерлері туралы баяндамалар ұсынып, Берел қорғандары, Ақбауыр үңгірі, Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесі, Абайдың Жидебай-Бөрілі кешені, Рахман қайнарлары және өңірдегі экотуризмнің дамуы жөнінде мәліметтермен бөлісті.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызына арналған баяндамалар оқылып, бұл мейрамның халық бірлігі мен мәдени мұраны сақтау жолындағы рөлі кеңінен талқыланды.

– Бүгінгі іс-шара студенттердің тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен ықпал етті. Наурыз – тек көктемнің келуі ғана емес, сонымен қатар жанның жаңаруы, адамдардың бір-біріне деген сыйластығын нығайту мейрамы. Осындай танымдық іс-шаралар жастардың рухани дамуына серпін береді, – деп атап өтті ШҚУ музейінің меңгерушісі Назым Аманжолова.