19 марта 2025


ШҚУ-ДЫҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде «Заң және тәртіп» ұстанымын күшейту және өңірлік комплаенс-бақылау мамандарын әдістемелік қолдау мақсатында өңірдегі комплаенс-офицерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырды. Іс-шараға квазимемлекеттік сектор ұйымдарынан 150-ден астам өкіл қатысты. Олардың қатарында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің комплаенс-офицері Қайнар Жексембаев та бар.

Шара барысында корпоративтік этика қағидаттарын нығайту және құқық нормаларын қолдану тәжірибесін жетілдіруде комплаенс-офицерлердің рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайда ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасындағы мәселелерге көңіл бөлінді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға комплаенс-офицерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептен өткенін растайтын сертификаттар табысталды.