19 марта 2025


ШҚУ РЕКТОРЫ ҚАЛА МЕКТЕБІНІҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫНА ГРАНТ ТАБЫСТАЙДЫ

Бүгін №46 орта мектебінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік шараға ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген арнайы қатысып, мектеп басшылығы мен ұжымын құттықтады, сондай-ақ екі жақты тиімді серіктестікті атап өтті.

– Бүгінгі таңда осы мектептің 90 түлегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алуда. Жыл сайын шамамен 15 түлек біздің оқу орнын таңдайды. Ерекше мақтанышпен айта кететін жайт – бұл мектептің ұстаздарының басым бөлігі Amanzholov University түлектері, – деді ШҚУ ректоры.

Екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында Мұхтар Төлеген осы оқу жылының ең үздік түлегіне ШҚУ-дың арнайы грантын тағайындайтынын мәлімдеді. Бұл жаңалық жастарға өз білімдерін жетілдіруге және жоғары нәтижелер көрсетуге үлкен серпін береді.