20 марта 2025


ШҚУ ӨКІЛІ ҚАЛАЛЫҚ ИНКЛЮЗИЯ БАЙҚАУЫНДА ТӨРЕЛІК ЕТТІ

«Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған шығармашылық байқауда қазылар алқасының мүшесі болды.

Өскемен қаласының №45 бейімделген орта мектебінің 20 жылдығына орай «Егіз-лебіз» қалалық байқауы ұйымдастырылды. №42, №45, №47, №48, №50 мектеп оқушылары «Хореография», «Вокал», «Көркем сөз», «Музыкалық аспаптар» аталымдары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қатысушыларды дайындауға мұғалімдер, ата-аналар және сыныптастары ат салысты.

Алима Алипованың айтуынша, Amanzholov University мен ШҚО білім басқармасына қарасты мектептер арасындағы ынтымақтастық аймақтағы білім мен инклюзияның дамуына тың серпін береді.