20 марта 2025


ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

“Психология және коррекциялық педагогика” кафедрасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған  “Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы” атты іс-шара ұйымдастырды.

Психология және арнайы педагогика білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері биылғы Наурыз мерекесін ерекше атап өтуге ат салысты. Бұл күні ұйымдастырылған концерттік қойылым тек өнер көрсету ғана емес, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында болды.

Шара барысында ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі алатын орны, олардың дамуына ықпалы айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттың бірлігін нығайту, ұлттық мәдениетті сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу. Мұндай іс-шаралар жастарды өз халқының дәстүрлеріне құрметпен қарауға, оларды сақтап, дамытуды насихаттауға үлкен ықпал етеді