20 марта 2025


ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ: ШҚУ-ДА ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Наурызнаманың жетінші күніне орай Ұлттық спорт күні аталып өтіп, ұлттық-мәдени кеш ұйымдастырылды. Шараға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелден келген студенттер қатысты.

Кеш қазақтың күйімен ашылып, ораза ұстаған жандарға арнайы ауызашар берілді. Іс-шараны сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырды.

ШҚУ-дың стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесінің маңыздылығын атап өтті:

— Наурыз – жаңару мен бірліктің мейрамы. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Біздің мерекемізге Тәжікстан мен Кореядан келген студенттер де қатысып отыр. Әртүрлі этностардың Наурызды бір шаңырақ астында атап өтуі – еліміздің басты құндылықтарының бірі, – деді ол.

Кеш барысында студенттерге Наурыз мейрамы мен ұлттық ойындар туралы мәлімет берілді. Шетелдік студенттер қазақтың дәстүрлі тоғызқұмалақ, асық ату және арқан тартыс ойындарын ойнап, қазақ мәдениетіне ерекше қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, мәдени кеште тәжікстандық студенттер өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық билерін орындап, өлеңдер оқыды.