20 марта 2025


TED-X: ШҚО БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШҚУ-да Жоғары колледж студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ШҚО бойынша департамент қызметкерлерімен кездесті. Ted-x  форматында «Адал табыс – адал азамат» тақырбында іс-шара өтті.

Қатысушылар адал еңбек пен адалдық қағидасын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын талқылады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ШҚО бойынша департаментінің аға-офицері Гүлнұр Бекбаева бұл қағидалар білім беру барысында маңызға ие екенін атап өсті. Оның айтуынша, адал еңбекпен, табандылықпен алынған білім – табысты болашақтың кепілі.

          Біз қоғамда «Адал азамат» қағидасын насихаттау арқылы дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз, — деді Гүлнұр Бекбаева.

Жоғары колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Манкей сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді қолдайтын «Sanaly Urpaq» студенттік клубының жұмысы туралы ақпарат берді. Ол білім алушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, клубтың мүшесі болуға шақырды.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі цифрлық технологиялардың рөлін талқылады. Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.