22 марта 2025


ШҚУ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін Amanzholov University студенттері мен оқытушылары әз Наурыз мерекесін шат-шадыман көңілмен, ерекше қуанышпен қарсы алды.
Ұлыстың ұлы күні Өскеменнің төрінде қанатын кеңге жайған ең үлкен «Сәрсен Аманжолов ауылы» атты 18 қанатты киіз үй орнатылды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы келіп, киіз үйді аралап, танысты. Университет студенттерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Киіз үйде университеттің тарихы, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері туралы көрме ұсынылды. Ұлттық салт-дәстүрлер ұсынылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Келген әр қонаққа ән айтып, шашу шашылды. Өскемендіктер мен қала қонақтары суретке түсіп, өз ықылас-ілтипаттарын білдірді.

-Ежелгі түркі халықтарының тойлап келе жатқан Наурыз мерекесі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Елімізге бейбітшілік, молшылық, береке-бірлік пен амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген.

Барша қонақтар ерекше көңіл-күймен тарқасып, бұл мереке ұмытылмас сәттер мен жақсы естеліктер қалдырды.