22 марта 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY «ҮЗДІК КИІЗ ҮЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Өскемен қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік киіз үй» байқауында С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті үздік атанды.

Әділ қазылар алқасы «Сәрсен Аманжолов ауылы» атауымен 18 қанатты ақ үй құрып, әсемдеп безендірген жоғары оқу орынның оқытушылары мен студенттерінің еңбегін жоғары бағалады.

— Бүгін біз үшін ерекше күн, себебі Amanzholov University киіз үйіне ШҚО әкімі келіп, танысып, жоғары баға берді. ШҚО мен қалалық әкімдікке, сондай-ақ әділ қазылар алқасына университет ұжымының еңбегіне көрсеткен жоғары бағалары үшін алғысымды білдіремін, — деді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген.