27 марта 2025
САБАҚТАР ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЛЕР: СТУДЕНТ-ЖУРНАЛИСТТІҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ ТУРАЛЫ
«Журналистика» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Эльдар Байырбековтің камера, микрофон және жаңалықтарға деген құштарлығы ерекше. Ол мансап жолын бастау үшін университет бітіргенін күтпей, медиа-кеңістікте қабілетін қайрап, тележурналистикада бағын сынап жүр. Мақсаты айқын студент оқу бағдарламасымен қатар, тәжірибе алаңында еңбек етуде.
– Жеке тұлға ретінде әрқашан өсуге дайынмын, бірақ уақытты баяулатып студент ретінде осы бейқам кезеңде қалғым келеді, – деді ол.
Мектеп пен университетті салыстыра отырып, Эльдар негізгі айырмашылықтарды атап өтті.
– Ең бірінші бағалау жүйесі мен оқыту әдістерінде айырмашылық бар. Екіншіден, университеттің мектептен айырмашылығы, теорияның тармақталған негізін береді, ал мектеп, керісінше, қоршаған ортаға бейімделуге көбірек мүмкіндік береді.
Эльдардың ойынша, ұйқының қануы, университетке жету, білім алу, үйіне оралу, келесі сабақтың материалдарын дайындау, видеоны монтаждап үйрену және сүйікті журналистерінің подкасттарын тыңдау – студенттің мінсіз күні.
Эльдардың есінде ең есте қалғаны екінші курс кезеңі.
«Мен сол кезде телеарнадан іс-тәжірибеден өттім. Бұл менің тәжірибемді арттырды. Сондай-ақ, филологтармен бірлескен сабақтар есімде ерекше қалды, онда әртүрлі мамандықтағы студенттер білімімізбен бөлістік», – деп жылы естелікпен бөлісті.
Эльдар студенттерге арналған шараларды ұйымдастыру бойынша ШҚУ-ды үздік деп санайды.
«Белсенді болу – көп мүмкіндіктер сыйлайды. Студенттер дайындалып, өз шеберліктерін көрсетеді. Университеттің инстаграмдағы парақшасын ашсаң, бәрін көре аласың: жарқын, әсерлі оқиғалар. Бұл шынымен де мақтауға тұрарлық!» – деді ол.
Болашақ журналист қазіргі уақытта жоғары білімнің маңызды екенін алға тартты.
«Мен әр қазақстандық жоғары білім алуы тиіс деп санаймын. Әлеуметтану, саясаттану, психология, экономика – бұлар маған өмірде дұрыс бағдар алуға, қоғамдағы процестерді түсінуге көмектеседі. Бұл білімдер мені тек журналист қана емес, сонымен қатар көп қырлы тұлға етеді», – дейді Эльдар.
Эльдар студенттік өмір бейқамдық пен болашаққа деген ұмтылыстың теңгерімі екенін дәлелдеді. Бұл, әрине, қуантады.
Алина Мухамадиева