27 марта 2025


ШҚУ ТҮЛЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА ШҚО-НЫ ТАНЫСТЫРАДЫ

Артем Дмитриев былтыр ШҚУ-да педагогикалық білімін тәмамдаған. Алайда ол мансап жолының басында-ақ айтарлықтай кәсіби жетістіктерге қол жеткізді. Жас маман «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» атты педагогтар олимпиадасының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл – жас мұғалімдер арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, өзін-өзі дамыту, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кәсіби көзқарас қалыптастыру мақсатында өтетін байқау. Барлық қатысушылар білім беру технологияларын заманауи талаптарға сай қолданудың тиімділігін көрсетуі тиіс, сондай-ақ идеялар мен жобаларды таныстыру қажет. Көптеген қатысушылардың арасынан Артем Дмитриев ең үздік деп танылды.

Алдағы уақытта ол Шығыс Қазақстанның атын республикалық кезеңде қорғайды. Бүгінде талантты жас маман С. Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектепте шет тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.