28 марта 2025


ШҚУ ДОКТОРАНТТАРЫ БАРНАУЫЛДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің экология және география кафедрасының докторанттары С.К. Айтқожина, Г.А. Августханова және Б.Т. Сабырбаева география ғылымдарының докторы, профессор В.С. Ревякиннің құрметіне арналған «Сібір мен Алтай-Саян трансшекаралық аймағындағы географиялық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 

Докторанттар Ресей Федерациясының Барнауыл қаласында өткен шетелдік тағылымдама аясында ғылыми баяндама жасап, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Конференция барысында Сібір мен Алтай-Саян трансшекаралық аймағындағы географиялық зерттеулердің жаңа нәтижелері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ландшафтық жоспарлау және жер ресурстарын басқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық-географиялық сын-қатерлер жайлы өзекті проблемалар қарастырылды.