28 марта 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Amanzholov University-де Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында төраға мен Басқарма мүшелерінің KPI карталары қарастырылып, бекітілді. Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің мүшелері 2024 жылға арналған тұрақты даму есебін тыңдап, оны мақұлдады. Бұдан бөлек, Директорлар кеңесінің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.