4 апреля 2025


ШҚУ-ДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН БИ КЕШІ ӨТТІ

Жыл сайын Наурыз мейрамына орай студенттер бас қосатын дәстүрлі шара №1 оқу ғимаратының алаңында ауқымды би кешіне ұласты.

– Көңіл күй керемет! Таңертеңнен бастап Наурызды тойлап жатырмыз. Бұл би кеші — соның жалғасы іспетті. Студенттер үшін нағыз энергия, қуат алатын сәт болды, – деп бөлісті ШҚУ студенті Дария Казиева.

Кеш барысында студенттер танымал хит әндерді орындап, ламбада биін жаппай билеп, белсенді жастар дайындаған билерін тамашалады.

– Атмосфера ерекше. Белсенділер сахнаны өздерінің әсерлі билерімен жарқыратып жатыр. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, – деді ШҚУ студенті Алия Ербол.