7 апреля 2025


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ РӨЛІ

Кәсіби біліктілікті дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында ШҚО ПМПК-ның педагог-эксперті Гүлнұр Молдақасымова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу процесіндегі педагог-ассистенттің рөлі туралы практикалық сабақ өткізді. Тәжірибелік сағатқа «арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Спикер педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеттеріне тоқталып, жұмыс барысы жайлы толық баяндап берді. Эксперт практикалық жұмыстар арқылы студенттердің болашақ кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Білім алушылардың айтуынша, бұл іс-шара студенттердің ерекше балалармен жұмыс істеу саласындағы практикалық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, педагог-ассистенттің білім беру процесіндегі ерекше рөлін түсінуге мүмкіндік берді.