7 апреля 2025


ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІСІ

Педагогика жоғары мектебінің әдістемелік декадасы аясында Өскемен қалалық ПМПК-ның логопед-мұғалімі Индира Жүнісова «Эргопедагогика» және «Ерте қолдау педагогкасы» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттеріне арнап, «Кохлеарлы имплантация жасалған балалардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Сабақ барысында кохлеарлы имплантация жүйесін пайдаланатын балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері қарастырылып, түзету жұмыстарының ең тиімді әдістері мен құралдары белгіленді. Студенттер болашақ кәсіби қызметтері үшін маңызды білім алды. Сонымен қатар, олар логопедиялық тәжірибедегі заманауи әдістермен танысты. Өткізілген іс-шара болашақ мамандардың теориялық және практикалық біліктіліктерін нығайтуға ықпал етті.