7 апреля 2025


ШҚУ-ДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ ТАНЫМАЛ БАСЫЛЫМҒА ЭТНОМӘДЕНИ ЭМПАТИЯ ЖӘНЕ ОРТАҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры және Қазақстандағы Италия елшілігінің мәдениет атташесі Эдоардо Крисафулли World Geostrategic Insights басылымына берген кең көлемді сұхбатында «жұмсақ күш» рөлі, этномәдени эмпатияның дипломатиядағы орны және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени жобалар туралы әңгімеледі.

Айта кетейік, World Geostrategic Insights — бұл геосаяси платформа, ол халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да маңызды оқиғаларға талдау жасап, есептер ұсынады.

— Қазақстан көптілділік пен екітілділікке негізделген гүлденген қоғамды құрды. Қазақтардың интелектісі жоғары және үнемі жасампаздыққа ұмтылады, — деді Эдоардо Крисафулли сұхбатында.

Еске салсақ, 2024 жылы Италия елшілігінің мәдениет атташесі ШҚУ-ға жұмыс сапарымен келіп, университет ректоры Мұхтар Төлегенмен кездесіп, альма-матер базасында жүзеге асырылатын ағымдағы және жоспарланған халықаралық жобалармен танысты. Италия өкілі университет басшылығының ғылым, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы бастамаларын жоғары бағалады.

Эдоардо Крисафулли Италияның Генуя университеті, Кассино және Оңтүстік Лацио университеттерімен «Глобалдық экономика» және «Туризм» бағыттары бойынша бірлескен жобалардың тиімділігін атап өтіп, С.Квазимодо атындағы Италия тілін және мәдениетін зерттеу орталығының ашылуы да маңызды оқиға деп баға берді.

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, бұл жетістіктер — Италиямен жасалған тұрақты әрі жемісті әріптестіктің символы.

The Role of Soft Power and Ethnocultural Empathy in Diplomacy