7 апреля 2025


ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА ШЕТЕЛГЕ ІС-САПАР

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Б.Рахметулина мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі Т.А.Абылайханова Германияның Берлин, Гамбург және Дрезден қалаларында ғылыми жоба аясында дала зерттеулерін жүргізді.

Сапардың мақсаты — Германияның тиімді саясатының арқасында 20 жыл бойы тұрақты түрде дамып келе жатқан еңбек нарығындағы «неміс ғажайыбы» деп аталатын моделін зерттеу. Сапар нәтижесінде цифрландыру жағдайында адам капиталының дамуы бойынша ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

«Цифрлық экономиканың дамуы кезінде еңбек ресурстарының сапасын арттыру және адами капиталды басқару» ғылыми жобасының мақсаты — цифрлық экономиканың дамуы кезінде еңбек ресурстарының сапасын арттыру және адами капиталды басқару.

Ғылыми командировка барысында қазақстандық ғалымдар Гумбольдт атындағы Берлин университетінде болып, Германиядағы адам ресурстарын дамыту мәселелері бойынша әріптестерімен пікір алмасты.

Жоба аясындағы зерттеулер жаңа ғылыми тәсілдерді қалыптастыруды, цифрлық экономика жағдайында кәсіпорындардағы адам капиталымен басқаруды жетілдіруді, еңбек ресурстарының сапасын арттыру мәселелерін шешуді, цифрлық экономикада адам капиталымен басқарудың стратегиялық моделін әзірлеуді және еңбек нарығының инклюзивтілігін арттыру мәселелерін зерттеуді көздейді.