8 апреля 2025


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің өндірістік педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.

Болашақ түлектер өз тәжірибелерін қала, облыс және ел мектептерінде өтті. Конференция барысында олар тәжірибе барысында жинақтаған білімдерімен, атқарған жұмыстарының мазмұнымен және оның нәтижелерімен бөлісті.

Тәжірибенің жетекшісі ретінде Козлова А.Л. тағайындалды. Комиссия құрамында Капышева Г.К., Чжан Е.Е., Торгова Р.К., Абсеитова Е.М. және Муратканова З.К. болды. Олар студенттердің жетістіктеріне жоғары баға берді.