8 апреля 2025
«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын аясында «КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты — конституциялық заңнаманы жетілдірудің теориялық және практикалық мәселелерін, оның құқықтық мемлекеттің дамуына әсерін жан-жақты талқылау.
Конференция келесі бағыттардың жұмысын қамтиды:
1.Конституциялық заңдылық — құқықтық мемлекеттің негізі және жеке адамның құқықтарын қорғаудың кепілі.
2.Заң және тәртіп: теория мен практиканың өзекті мәселелері.
3.Заңның үстемдігі мемлекет экономикасының даму факторы ретінде.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, жас ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен білім алушылары офлайн және онлайн режимде қатысуға шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің aynura_9999@mail.ru электрондық адресіне келесі құжаттарды өткізу керек:
- қоса берілген нысанда қатысуға өтініш;
- төмендегі талаптарға сәйкес жасалған мақала;
Өткізу уақыты мен орны
Пленарлық отырыс 2025 жылдың 18 сәуірінде сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 мекенжайы бойынша акт залында өтеді.
Конференцияға жауаптылар:
«С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ Құқықтану кафедрасы: Байркенова Гульмира Толеубековна, (+77773477808), почта: bairkenova42@mail.ru; Рамазанова Айнур Серикхановна, (+77772981297), почта: aynura_9999@mail.ru
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
Мақалалар (5-6 беттен артық емес) төмендегі талапқа сай болуы тиіс:
- Беттің сол жағында – ӘОЖ
- Атауы (бас әріптермен, шрифт – Times New Roman, кегель 14, орналасуы – ортада)
- Авторлар (қаріп-Times New Roman, кегль 14, орналасуы – ортада)
- Жұмыс орны, қала, ел, e-mail (шрифт-Times New Roman, кегель 14, орналасуы – ортада)
- Мәтін (шрифт-Times New Roman, кегль 14, орналасуы – ені бойынша, жолдар арасындағы интервал – бірлік, барлық жағынан жолдар – 20 мм. Жаңа жол -1,25.)
- Суреттер жоғары сапалы және беттің ортасына туралануы керек. Суреттер мен формулалардың астындағы жазулар: орталықта (орталықта), кегль — 12.Әдебиеттер тізімі
Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ МАҚАЛА АТАУЫ 1Автор*, 2Автор Ғылыми жетекші: аты-жөні, ғылыми атағы, дәрежесі 1Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 2Университет, қала, ел e-mail: бос орын
Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін
Сурет 1– Сурет атауы Әдебиеттер тізім *Баяндамашы автордың астын сызу |
«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ» тақырыбындағы
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ |
|
Автордың (лардың) ТАӘ | |
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
Жұмыс орны (толық атауы) | |
Баяндама атауы | |
Секция номері және атауы | |
Қатысу түрі (офлайн / онлайн) | |
Байланыс телефоны (ұялы) | |