9 апреля 2025


АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІКТЕРІН БАҒАЛАУ

Шығыс Қазақстан облыстық «ПМПК» педагог-психологы Әсем Насикова болашақ психологтарға «Аутистік спектрдің бұзылысы бар балалардың мінез-құлқы және олардың білім алу мүмкіндіктерін бағалау» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында спикер аутистік спектрдің бұзылысы бар балалардың эмоционалдық күйіне, мінез-құлқына және когнитивтік даму барысына жеке-жеке тоқталды. Әсіресе, ақыл-ой бұзылысы бар балалардың мінезіне және мінез-құлықтың білім алуға қалай әсер ететіні талқыланды.

Қазіргі таңда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл аутизм спектрі бұзылған балаларды оқу процесіне біріктіріп қана қоймай, олардың қабілетін ашуға ықпал етеді. Дәрісте ерекше қажеттіліктері бар балалармен тіл табысудың инновациялық әдістеріне және бейімделу стратегияларына тоқталдым, — деді ШҚО «ПМПК» педагог-психологы Әсем Насикова.

Бұл іс-шара болашақ психолог мамандарының кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға маңызды үлес қосты. Студенттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу барысында қолданатын құнды білім алды.