9 апреля 2025


ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ШҚО СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өңір студенттері арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат турнирі өтті.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Дебатқа С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Парасат» және «Әділет» командалары, Д.Серікбаев атындағы колледждің «АнтиКоррупция» командасы және Қазақстан-Американдық еркін университетінен «Ta-Too» командасы қатысты.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оны болдырмау жолдары туралы пікірталас жүргізіп, заң саласындағы терең білімдерін көрсетті.

Шара барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мен сарапшылары қатысушыларға маңызды сұрақтар бойынша кеңес беріп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерін ұсынды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау және олардың жолын кесуге қатысты нақты оқиғалар талқыланды.

Тартысты пікірсайыс нәтижесінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Парасат» командасы жеңімпаз атанды.