9 апреля 2025


XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС

«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері XVI республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Аружан Батырбекқызы, Ханшайым Сағынғанова, Шұғыла Мырзаханова және Алтынай Қонайқызы сынды студенттер бақ сынады. Жетекшілері – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары Гүлмира Мәкішова мен Гүлнұр Қылыбаева.

Олимпиада қорытындысы бойынша университет командасы жүлделі I орынды иеленді. Іс-шара Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында өтті.