10 апреля 2025


«АРДАҒЫМ – АРДАГЕРІМ» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледждің  «Мейірімді жүрек» еріктілері Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай  96 жастағы ардагер Токежанова Нұрқатия қарттың үйіне барып, көмек  көрсетіп қайтты.

Еріктілер апамыздың үй шаруасына қол ұшын созып қана қоймай, соғыс жылдарындағы естеліктері мен өмірлік ақыл-кеңесін тыңдады.

Акцияның соңында ардагер өзінің жылы лебізін мен ізгі тілегін білдірді.

Аталмыш іс шара барлық  жастарыға үлгі болып, алдағы уақытта ардагерлерді ардақтап қажетті тұста қол ұшын созады деп сенеміз!

 

 Бұл іс-шара – тек бір ардагерге көрсетілген көмектен ғана тұрмайды. Бұл – болашаққа бағытталған тәлім мен тәрбие. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, өткенге құрмет, ерлікке тағзым көрсету – басты мұрат. Осындай істер арқылы ел рухын көтеріп, жас буынды отансүйгіштікке баулу.