10 апреля 2025


«ҒЫЛЫМ АЙЫ» АЯСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«Ғылым айы» аясында университетте «Үздік жас ғалым», «Уәлиев Жұмаш Кәрімұлы атындағы шәкіртақы», «Үздік студенттік ғылыми үйірме», «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған үздік жоғары мектеп», «Мамандық бойынша үздік» байқаулары өткізілді. Бұл байқаулардың басты мақсаты – университеттің білім алушылары мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетті дамыту. «Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақы» 6B04108 – «Қаржы және есеп» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Аман Ұлбосынға тағайындалды. Ол бір семестр бойы ай сайын 50 000 теңгеден шәкіртақы алады.

«2025 жылдың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздары-«Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Райсов Нұрмахамбет Саятұлына 200 000 теңге,Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының лаборанты Сағдолдин Жандос Рашидұлына 100 000 теңге және, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Болатов Санжар Дәуренұлына 75 000 теңге бөлінді.

«Үздік студенттік ғылыми үйірмесі» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. «Студенттердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастырған үздік жоғары мектеп» номинациясында IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі жеңіске жетіп, 150 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Бірінші орынды бизнес және құқық жоғары мектебінің «Цивилист» үйірмесі иеленіп, 75 000 теңге жүлдеге ие болды. Үйірме жетекшісі – заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының доценті Дячук Марианна Ивановна. Екінші орынды «Жасыл толқын» клубы IT және жаратылыстану ғылымдары және жоғары мектебінің «Жасыл толқын» үйірмесі екінші орынды иеленді. Жетекшісі экология және география кафедрасының доценті, PhD Жазнаева Жанат Қадырбекқызы және үйірме төрайымы Мавлютова Толқын 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Үшінші орын бизнес және құқық жоғары мектебінің «Қаржы және есептің өзекті мәселелері: теория және практика» үйірмесіне бұйырды. Жүлде көлемі – 25 000 теңге. Үйірме жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының профессоры Шолпанбаева Қаншаим Жүсіпқызы, үйірме төрайымы – Аман Ұлбосын.

Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған Х аймақтық дәстүрлі «Абай оқулары – 2025» атты байқауында Шілікті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ахатбекова Айшолпан «Білім грантының» иегері атанды.