11 апреля 2025


«ЖАСЫЛ ТОЛҚЫН» ЭКОКЛУБЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Экология және география кафедрасының базасында жұмыс істейтін «Жасыл толқын» экологиялық клубы «Ғылым айы» аясында студенттік ғылыми жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін «Үздік студенттік үйірме» байқауында II орынға ие болды.

Клуб жетекшілері: Жазнаева Жанат Қадырбековна, Орсаринова Асем Оралдиновна, Дәукенова Бибігүл Серікқызы. Үйірме төрағасы – «Экология» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Мавлютова Толқын.

Үйірмеге қатысушылар қазіргі уақытта өзекті экологиялық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіп, еріктілікпен де айналысады.