11 апреля 2025


Профессор Мажын Қанапияұлы Сқақовты “Құрмет” орденімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰАЕН академигі, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас ғылыми қызметкері және С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың физика және технологиялар кафедрасының профессоры Мажын Қанапияұлы Сқақов 2025 жылдың 9 сәуірінде Ақордада өткен салтанатты жиында “Құрмет” орденімен марапатталды.
Іс-шара Мемлекет басшысының қатысуымен өтті және отандық ғылым мен технологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды марапаттауға арналды.
Мажын Қанапияұлы – ядролық физика, қатты дене физикасы және радиациялық материалтану салаларындағы еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдарының бірі. Ол – 300-ден астам ғылыми мақала мен 6 монографияның авторы, 50-ден астам авторлық куәлік пен патент иегері. Оның жетекшілігімен ондаған PhD докторлар мен ғылым кандидаттары дайындалды, халықаралық ғылыми жобалар сәтті жүзеге асты.
Осындай дара тұлғамен бір ортада қызмет ету біз үшін үлкен мәртебе!
Профессорға зор денсаулық, шабыт пен жаңа ғылыми табыстар тілейміз!