11 апреля 2025


ШҚУ-ДА РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ДОЦЕНТІ МАКСИМ ГЕТА ДӘРІС ОҚУДА

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Кемерово мемлекеттік университетінің Кузбасс гуманитарлық-педагогикалық институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясының Жоғары аттестациялық комиссия доценті Максим Гета дәріс оқуды бастады.

Максим Ростиславович – құқықтану саласындағы жоғары білікті маман. Ол студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға өзінің мол ғылыми тәжірибесімен бөлісуде. 

Дәрісте Қазақстан мен Ресей Федерациясының қылмыстық құқығы мен заңнамасындағы өзекті мәселелер айтылып, Еуразиялық экономикалық одақ және жаһандық құқықтық кеңістік аясындағы заң ғылымының негізгі аспектілері талқылануда.

Ресейлік ғалымның дәрістері заманауи құқықтану саласына қызығушылық танытатындар үшін құнды білім көзі болмақ.

Максим Ростиславовичтің ғылыми-зерттеу бағыттары қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық жазаға балама шараларды зерделеу, сондай-ақ сотталғандармен қарым-қатынаста халықаралық стандарттарды енгізу мәселелерін қамтиды.

Айта кету керек, Максим Гета – Шығыс Қазақстан университетінің түлегі. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі халықаралық академиялық ортада жоғары бағаланады. Ол С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Бизнес және құқық жоғары мектебінде дәріс оқуы үшін бірнеше рет академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған.