11 апреля 2025


ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы Аймақтық климаттық саммит аясында экология және география кафедрасында география ғылымдарының кандидаты, доцент Анатолий Чурсиннің дәрісі өтті.

Ол климаттың өзгеру себептерін, оның жаһандық және аймақтық салдарын, сондай-ақ табиғи ресурстарға, экономикаға және қоғамға әсерін қарастырды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын сарапшыға қойды.