15 апреля 2025


ШҚУ-ДЫҢ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Кемеров мемлекеттік университеті (Ресей) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екі жоғары оқу орны бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытып, академиялық алмасулар ұйымдастырып, ғылыми зерттеулер жүргізетін болады. Тараптар әсіресе студенттер мен оқытушылар алмасуына, сондай-ақ халықаралық басылымдарда мақалалар жариялауға ерекше көңіл бөлмек. Арадағы келісім 5 жылға жасалған. Мерізімі жеткенде ұзарту қарастырылған. Бұл серіктестік елдер арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайта түседі.