16 апреля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Барбосынова мен кафедраның сениор-лекторы А.М. Сапанова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасындағы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында болып, білім алушылар мен оқытушыларға дәріс оқыды.

Бағдарлама аясында оқытушылар әртүрлі академиялық пәндер бойынша жетекші профессорлармен кездесіп, заманауи білім беру әдістемелерімен танысты. Сондай-ақ шетелдік әріптестермен және студенттермен тәжірибе алмасып, кәсіби және тілдік дағдыларын жетілдірді.

Халықаралық деңгейде жүзеге асқан бұл тәжірибе олардың педагогикалық шеберлігін арттырып, жаңа ғылыми идеялар мен серіктестік байланыстарды дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іссапар барысында кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізіліп, Аманжолов университетінің жетістіктері мен мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.