17 апреля 2025


КҮРШІМ ЖӘНЕ МАРҚАКӨЛ АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Асель Апышева мен экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының сениор-лекторы Алма Байгужинова Күршім және Марқакөл аудандарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Сапардың негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын университеттің оқу бағыттары, оқуға түсу талаптары мен шарттары туралы ақпарттандыру. Сондай-ақ жастардың кәсіби қызығушылықтарын және білім беру бағыттарына деген түсініктерін зерттеу.

Кәсіптік бағдар жұмысы 9, 10 және 11-сынып оқушыларын, сондай-ақ колледж студенттерін қамтыды. Мамандар 15-тен астам білім беру мекемелеріне барып, кездесу өткізді.