17 апреля 2025


«МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ КОНТЕКСІНДЕГІ КОНТРАСТИВТІ ЛИНГВИСТИКА» ДӘРІСІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессор-оқытушылары Гүлнар Капышева, Светлана Федосова және Ирина Ларионова «Ағылшын және американ әдебиеті» пәні аясында Алтай мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар институтының лингвистика, аударма және шет тілдері кафедрасының 8.223-3 тобының студенттеріне арнап «Мәдениетаралық коммуникация контексіндегі контрастивті лингвистика» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында контрастивтік лингвистиканың мәдениетаралық коммуникациядағы рөлі мен маңызы талқыланды. Студенттер әртүрлі мәдени контекстердегі әдеби мәтіндерді салыстырып, тілдік ерекшеліктер мен көркемдік тәсілдерді тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ аудармашылар үшін құнды білім мен дағды қалыптастырады.