18 апреля 2025


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ АЙЖАН КАРТАЕВА МЕМЛЕКЕТТІК ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Өскемен қаласында академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Картаеваға ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” мемлекеттік төсбелгісімен марапаттады.

Конференцияның мақсаты – Қанипа Бітібаеваның бай педагогикалық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, әдістемелік еңбектерін болашақ ұрпаққа жеткізу және жаңашыл ұстаздардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Шараға отандық және шетелдік ЖОО ғалымдары, білім беру саласының мамандары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен ғалымдар онлайн форматта баяндама жасап, Қанипа Бітібаеваның еңбектерін халықаралық деңгейде бағалап, өз пікірлерін білдірді.