21 апреля 2025


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕННТЕРІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АЛТАЙ ӨЛКЕСІНЕН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін Өскемен қаласының «Жеңіс» мемориалдық кешенінде   Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «Во все века» халықаралық гастролдік жобасының қонақтары қарсы алынды. Көрші мемлекеттің шекара маңындағы өңірінен келген Делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерттік бағдарламамен біздің облысқа келген екен.

         Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды Алтай өлкесіндегі әріптестерімізбен бірге бастағанымызға өте қуаныштымыз. Біз ата-бабаларымыздың жасаған ерлігін ешқашан ұмытпаумыз керек. Аймақта Жеңіс мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі іс-шара – соның бастамасы,  — деп  атап өтті Ербол Нұрғалиев.

Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен келген Делегация «Жеңіс» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Халықаралық гастрольдік жоба аясында әлемнің әр түкпірінен келген мәртебелі делегацияны қарсы алу рәсіміне Жастар волонтерлер фронт-офисімен бірге  С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың  Жоғары колледждің  еріктілері белсене атсалысты.

Жоғары колледждің студенттері  Шарипжанова Анель, Слямханова Гүлнұр Қайратқызы және Мұхаметхан Мирас аталған іс-шараның өтуіне атсалысып, қонақтарға гүл ұсынып, лента тағу рәсімін жоғары деңгейде орындап шықты.

 

Іс-шараға белсенділік танытқан студенттерімізге алғысымызды білдіреміз!