21 апреля 2025


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-САПАР: «АЛТАЙТАНУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ УЛУДАГ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, PhD доктор Майра Тарлаубай Түркияның Бурса қаласында іс-сапарда. Ол жетекші жоғары оқу орындардың бірі Улудаг университетінің 50 жылдық мерейтойына және философия кафедрасының 35 жылдығына арналған канференцияға қатысып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқиды.

Іс сапар барысында ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің атынан Улудаг университетінің ректорына және философия кафедрасының меңгерушісі Абдул Кадир Чюченге құттықтау хаты табысталды.

Еске салайық, Улудаг университеті өзінің мықты академиялық бағдарламаларымен және ғылыми зерттеуерімен танымал.