21 апреля 2025
ШҚУ-ДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
ШҚУ-да ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу мәселесі талқыланды. Шарада ШҚУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі
проректоры Н.Б.Алимбекова мен Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулдығының
вице-консулы А.А.Дяченко алғы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, ЖОО
базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдау негізі ретінде ата-аналармен өзара әрекеттесу» тақырыбында халықаралық
ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – ата-аналар,
педагогтер мен мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру және балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін келісілген тәсілдер әзірлеу
болды. Ата-аналар қауымдастығының инклюзивті білім берудегі тең құқықты
серіктес ретіндегі рөліне ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ,
«Инклюзивті білім беру контекстіндегі ата-аналармен серіктестік» тақырыбында
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты –
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесу
бойынша заманауи тәсілдерді талқылау және инклюзивті білім беру ортасын тиімді
құру үшін тәжірибе алмасу болды.
Іс-шараны психология
және коррекциялық педагогика кафедрасы мен «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті
білім беру орталығы, сондай-ақ Өскемен қаласындағы «Россотрудничество» өкілдігі
ұйымдастырды.
Конференцияға
жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, ерекше білім беру қажеттіліктері
бар балалардың ата-аналары, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары,
инклюзивті білім беру мамандары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шақырылған
спикерлердің бірі – «ПРО_НЕЕ» халықаралық мүгедек балалардың аналар қауымдастығының төрағасы Инна Орлова, ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қоғамдық қолдау мен бастамалардың
мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Мәскеу облысының
білім министрінің орынбасары А.В.Гребцова да ата-аналармен өзара әрекеттесу
тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Мәскеудегі флагманды коррекциялық мектеп пен
ПМПК орталығының директоры С.Н.Сюрин өзінің мектептегі жұмыс ерекшеліктері
туралы айтып өтті.
Дискуссия
барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды бағалау мәселесі
талқыланды. Бұл тақырыпты облыстық ПМПК директоры Р.Т.Байчинов пен әдіскер М.М.Давыдова
көтерді. «Асыл Мирас» аутистік спектрі бар балаларды қолдау орталығының
өкілдері Д.А.Дюсембинова мен В.М.Тарасова ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балалардың ата-аналары үшін маршрут картасын ұсынды.
Семей
қаласындағы №35 мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары
инклюзивті мектеп жағдайында ата-аналарды қолдау тәжірибесін көрсетті. «Арнайы
білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін реабилитациялық орталық» педагог-психологтері
Д.А.Юсупова мен Д.А.Есергепова қатысушыларға ата-аналық махаббат пен қолдауды
сезінуге көмектесетін тренинг өткізді.
Білім беру
ұйымдары мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерін зерттеуге
бағытталған пікірдің нәтижелері ерекше қызғушылық тудырды. Сауалнама
нәтижелерін ШҚУ ғалымдары Ю.Е.Кукина, К.Д.Канапиянова және А.К.Алипова ұсынды.
Секция
отырысында ұлттық және халықаралық тәжірибелер, ата-аналармен өзара әрекеттесу
және олардың білім беру процесіне қатысу мәселелері талқыланды.