21 апреля 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

«Сауықтыру дене тәрбиесі» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Алира Шегелекова қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл – халықтың тарихы мен мәдениетін бойына сіңірген ұлттық спорт түрі. Қазақ күресі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына енгізілген.

Жастар арасындағы республикалық жарыс Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өтті. Жас спортшы чемпионатқа қатысқан барлық қарсыластарын жеңіп, керемет нәтиже көрсетті.