21 апреля 2025


ШҚУ ӨКІЛДЕРІ БУРЯТИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА

Улан-Удэ (Бурятия) қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараның тақырыбы – тарихи тәжірибе, жады және ұрпақтар сабақтастығы. Ауқымды конференцияға ШҚУ-дың тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жаннета Калимолдина мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сениор-лекторы Аяулы Нұрбекова қатысты.

Альма-матер өкілдері Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің ғалымдарының басын қосқан халықаралық алаңда авторлық баяндама жасады.

Конференция барысында Ұлы Жеңістің тарихи маңызы және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Ғалымдар жастар арасында патриотизмді нығайту мәселесін де көтерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарық көрмек.