22 апреля 2025


АЛЬМА-МАТЕР ПРОФЕССОРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектепте «Үздік орта білім беру ұйымы — 2025» Республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Аталған байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина қатысты. 

Байқаудың мақсаты – педагогикалық және басқарушылық тиімді тәжірибені тарату, педагогтердің кәсіби және жеке дамуын ынталандыру, сондай-ақ Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің даму үрдістерін анықтау.