22 апреля 2025


ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Батима Тантыбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Семейдегі Шәкәрім университетінің «Химия және экология» кафедрасының «6В05301 – химия» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Бейорганикалық химия» пәнінен дәріс оқыды. Сондай-ақ, «Химия» білім беру бағдарламасының магистранттарына «Физикалық химияның теориясы мен мәселесі» пәнінен, «8D05301 — Химия»  білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Полимерлік гидрогельдер мен криогельдердің іргелі және қолданбалы аспектілері» пәнінен дәріс берді.

ШҚУ-дың IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі химия кафедрасының лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі — Асқарова Мөлдір Асқарқызы «6В05301 — Химия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Биохимия» пәнінен практикалық және тәжірибелік сабақтар жүргізді.