22 апреля 2025


ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Семейдегі Шәкәрім университетінің «Химия және Экология» кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б.Баяхметова ШҚУ-ға келіп «6В05304 — Химиялық криминалистикалық экспертиза» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Коллоидтық химия» тақырыбында, «7М01504 – Химия» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Органикалық химияның таңдаулы тараулары» тақырыбында, «8D05302 – Химия» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Физикалық химияны оқытудың қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбында дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімімен бөліскен серкіктес университетке «химия» кафедрасы алғыстарын білдірді.