23 апреля 2025


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Биология кафедрасының меңгерушісі Алмаш Кітапбаева Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында биология кафедрасының магистранттары мен студенттеріне дәріс оқуда. Академиялық ұтқырлық аясындағы бұл іссапар білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, биология саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.