23 апреля 2025


ЖОО ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІН АТАП ӨТТІ

Еліміз 23 сәуірде Ұлттық кітап күні атап өтеді. Атаулы күнге орай Бейбіт Мамраев атындағы кітапханада бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар кітапхана ісін қолдау, жастардың шығармашылық дамуын ынталандыру және кітапты білім мен өзін дамытудың негізгі элементі ретінде насихаттауға бағытталған.

— Студенттер мен оқытушыларды көрмелерге, буккроссинг акциясына, әдеби подкасттар мен байқауларға қатысуға шақырамыз, — деді кітапхана мамандары.

Айта кетейік, 2024 жылы университет кітапханасының ауқымды модернизациядан өткен.

Қітап қоры үнемі жаңа басылымдармен толықтырылып отырады, бұл әдеби кітапқа қолжетімділікті арттырады. Кітапхана тек кітап сақтайтын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, шығармашылық және мәдени өсудің орталығы.

Бұл мерекені ұйымдастыруға мемлекет басшының бастамасы түрткі болған. Ел Президенті кітап оқуға деген сүйіспеншілік – ұлттың интеллектуалдық және мәдени дамуының негізі екенін атап өткен.