24 апреля 2025


«БІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН»: HUMAN CAPITAL — 2025 ФОРУМЫНДАҒЫ ПІКІР АЛМАСУ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабырғасында ұйымдастырылған облыстық «HUMAN CAPITAL — 2025» жұмыс берушілер форумының «Білікті жұмысшы – бәсекеге қабілетті маман»  2-ші панельдік сессиясының отырысы Жоғары колледж жұмыс беушілері мен әлеуметтік әріптестерінің басын қосты. 

Панельдік секцияның мақсаты – қазіргі экономикадағы білікті жұмыс күшінің рөлін талқылау, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге икемдігін арттыру үшін қажетті негізгі құзыреттерді айқындау, сондай-ақ сұранысқа ие мамандарды даярлау ісінде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл жолдарын әзірлеу.

Панельдік секцияның мазмұны қазіргі заман талабына сай маман дайындаудың қыр- сырын ашатын өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

Панельдік секцияға қала мектептерінің, бала-бақша, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен  мекеме басшылары қатысты.

«Мектеп мұғалімдеріне кәсіби маман ретінде қойылатын заманауи талаптар», «Тәрбиеші болуға ынтасы бар жастарға арналған кәсіби бағдар», «Сұранысқа ие мамандарды даярлау: колледж студенттерін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқытуға «Фаворит» бағдарламасын енгізу тәжірибесі», «IT саласындағы болашағы зор бағыттар: жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, big data» сияқты мәнді де, маңызды сұрақтар талқыланды.

 

Өскемен қаласы «№15 орта мектебі» КММ директоры- Ракишева Гульмира, ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің «№17 «Ручеек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК директоры — Золотаева Олеся, Өскемен қаласындағы «Балдаурен» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС директоры Агзамова Сулухан, Өскемен қаласы бойынша Өңірлік колл-орталық басшысының орныбасары Шенесаринова Асем, Денисова Наталья ф.-м. ғ.к., қауымдастырылған профессор, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың цифрлық офицері панельдік секция сұрақтарын ортаға салып талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Секция отырысының мазмұны жоғары деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктің нығайуына себеп бола отырып, қоғамда бәсекеге икемді маман дайындауға жол көрсетті.