24 апреля 2025


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде кеңес мүшелері төрт өзекті мәселені қарастырды. Атап айтқанда, Қоғамның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі, кірісті бөлу тәртібі, 2025–2026 оқу жылына арналған оқу ақысының мөлшерін бекіту, сондай-ақ Директорлар кеңесінің, комитеттердің, директорлар кеңесі мүшелерінің қызметіне өзін – өзі бағалау жүргізу, басқарманың, корпоративтік хатшының, комплаенс-қызметтің және ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау мәселелері қарастырылды.