24 апреля 2025


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА КОМИССИЯ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Майнұр Ордабаева студенттер мен аспиранттарға арналған «Экономика мен қаржыны цифрландыру: үлгілер, әдістер мен технологиялар» тақырыбындағы III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қазылар алқасының құрамында болды.

Іс-шара 23–24 сәуір аралығында өтті. Конференцияны Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультеті ұйымдастырды.


Майнұр Ордабаеваның сарапшылар құрамына енуі — қазақстандық ғалымның жоғары ғылыми мәртебесі мен кәсіби біліктілігінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.