24 апреля 2025


ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ТАНЫМАЛ ТАРИХШЫ ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Қытай Халық Республикасының Пекин педагогикалық университетінің профессоры, Қытайдағы Дүниежүзілік тарихты зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Чжан Цзяньхуа келді.

Ғалым университеттің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен және тарих саласына қызығушылық танытқан жастармен кездесіп, оқу орнының қызметімен танысты. Жастар өз кезегінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Профессор жас тарихшыларға арнап дәріс оқып, ғылыми тағылымдамалар мен практикалық жұмыстардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Чжан Цзяньхуа тарихи ғылымның Қытайда қалай дамып жатқанын баяндап, қазіргі жаһандық оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, бұл оқиғалар заманауи тарихта елеулі із қалдырады.

Айта кетейік, бүгінде профессор Орталық Азия халықтарының мәдениетін, сондай-ақ Қытайдағы аймақтану теориясын зерттеумен айналысады.